Өзбекстан жүрдек пойызды Оңтүстік Кореядан сатып алады

250

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті қаулысы жарияланды. 

Өзбекстан жүрдек пойызды Оңтүстік Кореядан сатып алады Фото: Gazeta.uz

Өзбекстан Оңтүстік Кореядан алты Hyundai Rotem электр пойызын сатып алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Жобаға қажет қаражат Оңтүстік Кореяның Эксимбанкінен тартылады. Ресурстың жазуынша, жобаның жалпы құны 220,03 миллион еуроға бағаланып отыр. Келісім аясында Өзбекстан – 21,3 млн еуро, "Өзбекстан темір йуллари" компаниясы – 13,5 млн еуро, ал Кореяның Эксимбанкі 185,18 млн еуро түрінде қарыз береді. 

Жобаны іске асыру мерзімі – 2024 жылдан 2030 жылға дейін, яғни 6 жыл. Жаңа жүрдек пойыздар жылына 1,31 миллион жолаушы тасымалдайды деп көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу