Өзбекстанда 1 млн отбасына лимон мен құс өсіру үшін несие беріледі

1175

Өзбекстанда 1 млн отбасына лимон мен құс өсіру үшін несие беріледі

Өзбекстанның үкіметі 2017-2019 жылдары құс шаруашылығын дамыту мен лимон өсіру бағдарламасын қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды 7 күн.

Бағдарлама аясында 1 млн 200 мың отбасы лимон мен құс өсіреді деп жоспарланған. Оларға алдағы 3 жыл бойы 10 мың түп лимон мен 85 мың бас құс жеткізілмек. Сондай-ақ жылужай мен құс өсіретін орындарды салу үшін шаруаларға екінші деңгейлі банктер арқылы 3 жылдық жеңілдік мерзімі бар несие ұсынылмақ. Яғни несие алған шаруалар 3 жыл бойы несие бойынша төлем жасамайды.

Жылужай салатындар 5 жылға, құс өсіргісі келетіндер 3 жылға ала-алады. Банктердің тәуекелін қамтамасыз ету үшін үкімет дихандарға берілген несие қайтпаған жағдайда іске қосылатын арнайы сақтандыру бағдарламасын енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу