Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған

1712

Ал 2100 азамат карантиндік бақылауда. 

Өзбекстанда 11 адам коронавирус жұқтырған

Өзбекстанда 2100 азамат карантиндік бақылауда, ал коронавирус жұқтырғандар саны 11-ға жетті. Бұл жөнінде Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Өзбекстан ұлттық ақпараттық агенттігі.

Нурмат Отабековтың айтуынша, бүгінге дейін Өзбекстанда 7900-ден астам азамат карантинде болып, олардың 5700-і үйлеріне қайтқан. Қазіргі уақытта 2100 адам бақылауда. Олар Ташкент облысындағы демалыс орындары мен Ташкент қаласындағы ауруханада карантинге жатқызылған.

Қазіргі уақытта Өзбекстандағы коронавирус жұқтырған жандар саны 11-ге жетті. Соңғы рет 17 наурыз күні Дубайдан Ташкентке келген өзбекстандық азаматтан дерт анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу