Сеулден Ташкентке келген 18 қазақстандық екі апталық карантинге жабылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады. Жалпы, Оңтүстік Кореядан 253 жолаушы эвакуацияланған. Қауіпті аймақтан әкелінгендердің қатарында қазақстандықтардан бөлек Өзбекстанның 178 азаматы, 20 ресейлік, екі Қырғызстан тұрғыны, 12 тәжікстандық және Үндістанның бір азаматы бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу