Өзбекстанда 18 жастан асқандардың басым бөлігі вакцинаның бірінші дозасын алды

700

Ересектердің 21,2%-ы толықтай вакцина қабылдаған.

Өзбекстанда 18 жастан асқандардың басым бөлігі вакцинаның бірінші дозасын алды

Өзбекстанда 18 жастан асқан тұрғындардың жартысынан көбі коронавирус дертіне қарсы вакцинаның бірінші дозасын ектірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Елдегі денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 жастан асқан тұрғындардың 53,6%-ы екпенің бірінші дозасын салдырған. Ересектердің 21,2%-ы толықтай вакцина қабылдаған. 

Препарат ектіру көрсеткіші бойынша Ферғана, Андижан және Наманған облыстары көш бастап тұр. Мұнда вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 2 миллионнан асты. 
Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталған болатын. Вакциналау процесі бес препаратпен жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында "AstraZeneca", "ZF-UZ-VAC2001", "Спутник-V", "Moderna" және "Pfizer" бар. 

3 тамызда Өзбекстанда жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті түрде вакциналаудың құқықтық негізін бекіткен заң қабылданды. 29 қыркүйектен бастап 12 жастан асқан балаларға "Pfizer" вакцинасын ерікті түрде егуге рұқсат берілді.

Табиғат Нұрболат

Фото: sputnikvaccine.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу