Өзбекстанда 2024 жылдың алғашқы күнінде 1800-ден астам нәресте өмір есігін ашты

588

Олардың ішінде 1012 ұл және 847 қыз бала бар. 

Өзбекстанда 2024 жылдың алғашқы күнінде 1800-ден астам нәресте өмір есігін ашты  Фото: freepik

Өзбекстанда 2024 жылдың жаңа жылында 1859 сәби өмірге келді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарында елде 1859 сәби дүниеге келген, оның 847-сі қыз, 1012-сі ұл.

"Жалпы санның ішінде Сұрхандария облысында 21 жағдайда егіз, ал бір жағдайда үшем өмірге келді", - деп атап өтті Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің мәліметтері бойынша, жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Қашқадария облысында – 207 бала туды. Ал бала туу көрсеткіші бойынша, алғашқы бестікке Әндіжан (201 жаңа туған сәби), Самарқанд (196), Ферғана (195) және Сурхандария (185) облыстары да кірді.

Сонымен қатар, Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі мереке күндері 229 перзентхана кешенінде 7,5 мың дәрігер жұмыс істеп, босанған әйелдерге қажетті көмек пен қамқорлық көрсетілетінін мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу