Өзбекстанда 2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді

649

Көршілес ел бұл жарысты алғаш мәрте ұйымдастырғалы отыр. 

Өзбекстанда 2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді

2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы Өзбекстанда өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл шешімді Халықаралық Шахмат федерациясының Бас Ассамблеясы қабылдады. Өзбекстан Шахмат Федерациясының және жастар ісі жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлішер Садуллаев Үндістанның Ченнай қаласында Дүниежүзілік шахмат федерациясының Конгресі өткенін айтты.

Конгресте 2026 жылғы шахмат олимпиадасының қайда өтетіні анықталды. Үміткер болып Польша, Замбия және Өзбекстан тіркелген еді. Польша мен Замбия елдерінің кепілдік хаттарының болмауына байланысты Өзбекстан жеңімпаз атанды.

Осылайша, көршілес ел алғаш рет шахмат олимпиадасын ұйымдастырмақ. 2024 жылы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы Будапешт қаласында (Венгрия) өтеді.


Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу