Өзбекстанда алғаш рет қасиетті Рамазан айында 226 адамға рақымшылық жасалды. Ел президенті Шавкат Мирзиеев істеген әркеті үшін өкініп, тәубесіне келіп кешірім сұрағандарды бостандыққа шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Atameken TV.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 212 адам түрмеден шығарылады, ал 14-інің жазасын өтеу мерзімі қысқартылады.
Рақымшылыққа іліккендердің жасы 39-60 аралығында. Басым көпшілігі діни ұстанымдары үшін қамауға алынған. 40 шақтысы шетел азаматтары. Енді оларды жұмысқа орналастыруға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу