Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer препараты егілді

665

Бұл елге препараттың 1,2 дозасы жеткізілген еді.

Өзбекстанда 87 мыңнан астам балаға Pfizer препараты егілді

Өзбекстанда 87 мыңнан астам бала Pfizer препаратын салдырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің хабарлауынша, Өзбекстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және ұлттық техникалық иммунологиялық сараптаманың шешімімен 28 қыркүйектен бастап ата-аналар мен қамқоршылардың келісімімен 12 жастан асқан балаларға ерікті түрді вакциналау жүргізілді. 12-15 жас аралығындағы балаларға Pfizer вакцинасын егу бойынша клиникалық зерттеулер бұл вакцинаның тиімділігі жоғары және қауіпсіз екенін көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын егуге үндеп отыр.

Ведомство дерегі бойынша, Өзбекстанға Pfizer / Biotech жасап шығарған вакцинаның 1 200 000 дозасы жеткізілген. 5 қазанға дейін вакциналау процесі кезінде оның 465 010 дозасы ектірілген.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу