Өзбекстанның Наманган облысында XI-XIV ғасырға тән құнды жәдігерлер мен кітаптар табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты аталмыш облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әл-Фарабидің кітаптарында ғылым, философия және тарихқа қатысты құнды дүниелер жазылған.
Өзбекстанның Наманган облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәдігерлер Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніне қойылды. Кешендегі жәдігерлер саны 10-ға жетті. Олардың қатарында 475-600 жылдарға тәне Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасы бар.
"Мамандар XI ғасырға тиесілі дейтін қылыш ұрыс жағдайында сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның жасалуы әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған", – делінген баспасөз хабарламасында.