Өзбекстанда алғаш рет қазақстандық банк ашылды

1064

Биылғы жылдың мамыр айында Өзбекстанның Орталық банкі "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қаржы операцияларын жүзеге асыруы үшін лицензия берген еді.

Өзбекстанда алғаш рет қазақстандық банк ашылды

Өзбекстан астанасында қазақстандық "Tenge Bank" банкінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың мамыр айында Өзбекстанның Орталық банкі "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қаржы операцияларын жүзеге асыруы үшін лицензия берген еді. "Tenge Bank" "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы ретінде қызмет көрсететін болады.

Бұл Өзбекстан аумағында ашылған алғашқы қазақстандық банк.

Еліміздің Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды Қазақстан банкінің ашылу мәселесін жедел пысықтағаны үшін Өзбекстан үкіметі мен Орталық банкінің басшылығына алғысын білдірді. Елші қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасында экспорттық-импорттық операциялар жүргізу мүмкіндігін кеңейтетін сауданы қаржыландыру тетігін ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу