Өзбекстанда арнайы мектеп-интернаттың 32 оқушысы астан уланды

1279

Бүгінгі таңда балалардың денсаулығына келер қауіп жоқ.

Өзбекстанда арнайы мектеп-интернаттың 32 оқушысы астан уланды Фото: canva.com

Өзбекстанда Сурхандария облысындағы арнайы мектеп-интернаттың 32 оқушысы тамақтан уланған.

Қазір олардың жағдайы жақсарған, оқушылар сабаққа қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

19 қаңтарға қараған түні Сурхандария облысына қарасты Сариосиё ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың жатақханасында тұратын 120 оқушының 32-сінде жүрегі айнып, асқазаны ауырған. Желіде тараған ақпаратты сенбі күні Өзбекстанның мамандандырылған білім беру мекемелерінің агенттігі растады.

Ресурстың жазуынша, мектеп медбикесі балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейіннен оқушылар аудандық медициналық бірлестікке жіберілді.

19 қаңтар күні аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығы мектептің асханасын зерттеу эұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тұтынатын тағам үлгілерінің сынамаларын алды. Бүгінде тергеу амалдары басталды.

"Қазіргі таңда оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар оқуын жалғастырып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кету керек, мектеп-интернатта барлығы 402 оқушы білім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу