Медициналық тексеру 2 кезеңнен тұрады. Алдымен экспресс-тест жүргізіледі. Егер оның нәтижесі оң болса, сынама қосымша зертханалық тексеруге жіберілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Есірткіге жүргізілген тест нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ сынама беруден бас тартқандар әскери-дәрігерлік куәландырудан өтуге жіберілмейді.
Өзбекстанда мерзімді әскери қызметке шақырылатындар мен келісімшарт бойынша әскери қызметке барғысы келетін азаматтар есірткі қолданған-қолданбағаны бойынша тексеруден өтеді.
Медициналық тексеру есірткі заттарын қолдану фактілерін ерте анықтау мақсатында Республикалық сот-медициналық сараптама ғылыми-практикалық орталығы мен оның аумақтық филиалдарында жүргізіледі.
Тексеру барысында алынған азаматтардың жеке деректері, биологиялық үлгілері мен зерттеу нәтижелерінің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.