Өзбекстанда әуе және теміржол қатынасы тоқтатылады

702

Індетпен күрес бойынша құрылған арнайы комиссия алдағы екі аптаның демалыс күндері автокөлік қозғалысын мүлдем тоқтату туралы шешім қабылдады.

Өзбекстанда әуе және теміржол қатынасы тоқтатылады

Өзбекстан билігі коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты әуе және теміржол қатынасын тоқтатып тастады. 13 шілдеден бастап рейстер тек шет елде қалып қойған өзбекстандықтарды елге қайтару үшін жүзеге асырылмақ.

Елдің көлік министрі Навруз Аширматовтың сөзінше, теміржол билеттерінің ақшасы жақын арада қайтарылады, ал кейінге шегерілген әуе рейстерінің билеттерін бір жыл ішінде пайдалануға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін індетпен күрес бойынша құрылған арнайы комиссия алдағы екі аптаның демалыс күндері автокөлік қозағлысын мүлдем тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Арнайы стикері бар көліктердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Шілденің басынан бері Өзбекстанда індетке қатысты ахуал күрт нашарлап кетті. Осы орайда арнайы комиссия 10 шілдеден бастап қоғамдық және жеке көліктердің қозғалысына шектеу енгізіліп, сонымен қатар ойын-сауық, мерекелік шаралар мен той өткізуге,жасы 65-тен асқандардың қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынды. Саябақ, фитнес-клуб, демалыс орындары, шипажай және жағажай жабылды.

Тағы бір жайт, індеттің күрт өршуіне байланысты арнайы комиссия 5 шілдеден бастап ауру белгілер жоқ және дерттің жеңіл түрімен ауырып жатқандарды ауруханаға жатқызбау, яғни  оларды үйден емдеу  туралы шешім қабылдады. 
Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда вирус жұқтырғандардың саны 12855-ке жетіп, оның 7723-і жазылған. 59 тұрғын дерттен көз жұмды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу