Өзбекстанның Жызақ облысында Nexia-2 автокөлігіне орнатылған газ баллоны жарылып, салдарынан көлік ішіндегі 4 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы хабарлады.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі (1961 жылы туған), сондай-ақ, салондағы тағы үш адам: 1968 жылы туған азамат (жүргізушінің жұбайы), 1993 және 2015 жылғы азаматтар оқиға орнында көз жұмды.
Хабарламаға сәйкес, көлік Ташкент-Термиз бағыты бойынша келе жатып, жанармай құю бекетіне тоқтаған. Содан кейін сағат 13:00 шамасында көлікті басқарып келе жатқанда жолда газ баллоны жарылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу