Өзбекстанда байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтті

395

Жерлестеріміз байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатының сегіз медалін қанжығалады. 

Өзбекстанда байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтті Фото: gov.kz

25-30 сәуір аралығында Самарқандта жарыс қорытындысы бойынша Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының байдарка және каноэде есу бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары жақсы нәтижелер көрсетті. Біздің спортшылардың есебінде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.

Салов Вячеслав:

С2 (каноэ-екі) - 200 м қашықтықтағы алтын;

С2 (каноэ-екі) – 500 м қашықтықтағы күміс;

С2 (каноэ-екі) – 1000 м қашықтықтағы күміс.

Фалалеева Виктория:

К4 (байдарка-төрт) - 500 м қашықтықтағы алтын.

Тұрсын Малика:

C1 (жалғыз каноэ) - 200 м қашықтықтағы күміс;

С4 (каноэ-төрт) - 500 м қашықтықтағы қола.

Крайнев Глеб:

С4 (каноэ-төрт) - 500 м қашықтықтағы алтын.

Ударцев Глеб:

К1 (жалғыз байдарка) - 200 м қашықтықтағы қола.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу