Өзбекстанда балаларға зорлық көрсеткендер өмір бойына сотталуы мүмкін

360

Депутаттар бірқатар норма ұсынып отыр.  

Өзбекстанда балаларға зорлық көрсеткендер өмір бойына сотталуы мүмкін Фото: massaget.kz

Өзбекстан депутаттары балаларға қарсы жыныстық қылмыс жасағандарды өмір бойына түрмеге жабу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап. 

Өзбекстанда балаларға қатысты аса ауыр жыныстық қылмыстар үшін жазаны барынша қатаңдату көзделіп отыр. Соның ішінде 14 жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды. Олий Мәжіліс тиісті заң жобасын 29 қыркүйекте бірінші оқылымда қабылдады.

БАҚ-тың жазуынша, елде 2022-2025 жылдары 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 445 қылмыстық іс қозғалған. 

Бұдан бөлек, балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдар жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Сонымен қатар оларға жазаны орындау мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босату ережесі де қолданылмайтыны айтылды. Сондай-ақ қорлық көрген немесе оған куә болған балаларға отбасының материалдық жағдайына қарамастан, мемлекет есебінен заң көмегін көрсету ұсынылады.

Заңнаманы қатаңдату мәселесі елдегі атышулы оқиға аясында талқыланып жатыр. Наманган облысындағы мемлекеттік балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі жыныстық зомбылыққа ұшырады. 12 қыркүйекте бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, балабақша қызметкері қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу