Өзбекстанда биыл су үнемдеуге бағытталған арнайы кодекс қабылданады

546

Құжат жобасы заң шығарушы органда қызу талқыланып жатыр. 

Өзбекстанда биыл су үнемдеуге бағытталған арнайы кодекс қабылданады Фото: Янги Ўзбекистон

Агро өнімдердің ішінде мақта алқаптарының үлесі әлі де болса басым. Мемлекет басшылығы елдің туризм саласынан түсетін табыс артса, ақ алтын егу тоқтайтынын жеткізді. Алайда бұл міндет тек 2030 жылға қарай орындалуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Сырдария мен Амудария бассейнінде су ресурстары жеткіліксіз. Ала шапанды ағайын суармалы жердің 25 процентін үнемдеу технологиясына көшірген. Фермерлерге бюджеттен қосымша субсидия берілетін болды. Әрі тіршілік нәрін ретсіз пайдалануға тыйым салынды. Су кодексі қабылданса, бұл іске қадағалау қатаң түрде жүргізіледі.

 - Биыл сәуір айында ел президенті суды үнемдеп пайдалану мәселелеріне арналған қаулыға қол қойды. Бұдан бөлек, мемлекет басшылығы су кодексін қабылдауға кірісіп кетті. Салада тіршілік нәрі ғана емес, жерді де мақсатсыз, ретсіз қолдануға қатысты қатаң талаптар енгізілді. Дегенмен бұл мәселелердің барлығын уақытша ғана амал деуге болады. Су жалпы мағынада азайып барады. Сондықтан үнемдеу технологияларын көптеп енгізуден басқа амал жоқ, деді су ресурстарын басқару саласы бойынша сарапшы Равшан Назаров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу