Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёев, бизнес-қауымдастықпен кездесуде айтты. Жаңа заңдар мен ережелер қабылданған жағдайда, кәсіпкерлерге 6 ай ішінде жіберілген қателіктер үшін айыппұл салынбайды.
Ал салықтық бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері, салық сомасынан аспайтын болады. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап қосымша құн салығын 15-тен 12 пайызға дейін төмендету, сауда ережелерін бұзғаны үшін, қылмыстық жауапкершілікті алып тастау көзделген. Заң бұзған бизнесмендер, бір жолға кешіріледі, ал салық органдары оларға кемшіліктерді жоюға көмектеседі.
Одан бөлек, 19 мың кәсіпкердің 2 трлн сом болатын салықтық қарызы кешірілмек. Бұл шамамен 86 млрд теңге. Мирзиёевтің сөзінше, жаңашылдықтар, кәсіпкерлердің қызметін жеңілдетеді. Ал олардың жұмысына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың басшылары, қызметінен босатылады деп уәде берді Өзбекстан басшысы.