Өзбекстанда былтырғы бюджет тапшылығы 5 млрд доллардан асқан

357

2023 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанда шоғырландырылған бюджет тапшылығының көлемі рекордтық 59 трлн сумға (орташа курс бағамымен $5,025 млрд) жетті,  деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзбекстанда былтырғы бюджет тапшылығы 5 млрд доллардан асқан Фото: kazgazeta.kz

Өзбекстан Экономика және қаржы министрлігінің мәліметінше, шоғырландырылған бюджеттің кірісі – 321 трлн сум, шығыстары 380 трлн сум көлемінде болды. Кіріс пен шығыстар арасындағы айырмашылық 59 трлн сум немесе ЖІӨ-нің 5,5 пайызына теңелді. 

Ведомствоның ақпаратына сай, былтырғы тапшылық алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мәселен, 2019 жылы дефицит – 13,19 трлн сум (ЖІӨ-нің 2,5%), 2020 жылы – 26,1 трлн сум (4,5%), 2021 жылы – 40,8 трлн сум (5,6%), 2022 жылы 35,2 трлн сум (4%) болған еді. 

Айта кетейік, шоғырландырылған бюджетке – мемлекеттік, мемлекеттік нысаналы қорлардың, бюджеттік ұйымдардың қаржысынан тыс қорлары мен Қайта құру және даму қорының қаражаты кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу