Өзбекстанда Covid-19 жұқтырғандарға арналған емхана құрылады

563

Бұған дейін елдегі карантиндік шаралар 15 тамызға дейін ұзартылған еді. 

Өзбекстанда Covid-19 жұқтырғандарға арналған емхана құрылады

Өзбекстанның облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен келген науқастарға арналған арнайы поликлиника ашылады. Олардың қатарында Қарақалпақстан Республикасы да бар. Бұған дейін медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеу жүргізілетін мұндай поликлиникалар Ташкентте құрылған еді. Мекемелерді ашу туралы шешімді елдің арнайы комиссиясы қабылдады. Ескере кететін жайт, инфекцияны жұқтырды деген күдікпен келгендермен қатар вирус анықталған науқастар да ем қабылдай алады. Жергілікті биліктің айтуынша, поликлиникалар үздіксіз 24 сағат бойы жұмыс істейді. 

Бұған дейін Өзбекстандағы карантиндік шаралар 15 тамызға дейін ұзартылғаны жарияланған еді.

Табиғат Нұрболат
Фото: ia-centr.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу