Өзбекстанда дәріден тағы ондаған бала уланды

417

Билік йодтың "Антиструмин" препаратын шығаратын компанияны тексере бастады. 

Өзбекстанда дәріден тағы ондаған бала уланды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Өзбекстанда "Антиструм" йод препаратын өндіретін SAMO компаниясын тексеру басталды, дем жазады inbusiness.kz "Газета.uz" басылымына сілтеме жасап.

Өткен аптада ауруханаға жатқызылған ата-аналар дәл осы препараттан кейін балалардың жағдайы күрт нашарлағанын айтып шағымданған болатын.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтикалық өнімдер қауіпсіздігі орталығы зауыттың дәрілік заттар мен фармацевтикалық қызмет туралы нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексереді.​​​​​​​

Наманган облысында кем дегенде 71 баланы ауруханаға жатқызу туралы хабарланғаннан кейін (барлығы 450 бала туралы хабарланған), Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйектен бастап тергеу аяқталғанға дейін №100 "Антиструмин" таблеткаларын қолдануға тыйым салды. Андижан облысының әкімдігі "Антиструмин" қабылдаған 12 баланы ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады.

Алайда көп ұзамай Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Баситханова "тамақ не дәрі-дәрмек улануға себеп болғаны әлі расталмады" деп мәлімдеді. Ол балаларда ЖРВИ болуы мүмкін екенін атап өтті.

Енді Ташкентте тағы ондаған бала улану, температура, асқазанның ауруы сынды белгілермен жедел жәрдем орталығының токсикология бөліміне түсті. Ата-аналар балалар йод препаратын қабылдағаннан кейін ауырғанын хабарлады. Дәрігерлер балалардың жағдайына дәрі-дәрмекпен қатысы жоқ деп мәлімдейді.

Жүздеген баланы ауруханаға жатқызу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады бұған дейін Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу