Өзбекстанда дүниеге келген азамат Трамптың командасында жұмыс істейді

270

Бұған дейін Гор өзі туралы мұндай мәлімет бермеген. 

Өзбекстанда дүниеге келген азамат Трамптың командасында жұмыс істейді Фото: Rubic.us

Ақ үйдің кадр саясатына жауапты Серхио Гордың шығу тегі Өзбекстаннан екені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Oxu.Az-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Times of Malta басылымы арнайы зерттеу жариялап, АҚШ әкімшілігіндегі жоғары лауазымды шенеуніктің шын тегі мен туған жерін анықтаған.

"Гордың шын тегі – Гороховский, ол Ташкент қаласында дүниеге келген", – делінген құжатта.

38 жастағы Гор өзінің қызметінде мыңдаған адамды тексеріп, кандидаттардың арасында іріктеу өткізеді. Ақ үйдің кадр бөлімі басшысының өзіне қатысты ақпаратты құпия ұстағаны көпшіліктің назарын аудартты.

Washington Post газеті Серхио Горды өте ықпалды адам деп сипаттаған. Ал Гордың өзі Мальтада туғанын және балалық шағында АҚШ-қа қоныс аударғанын айтады. Мальтаның сыртқы істер министрі Иан Боргтың сөзінше, Серхио Гор Мальтада білім алған, жергілікті тілде еркін сөйлейді.

Десек те, маусым айының соңында EU Today басылымы Мальта билігінің Горға қатысты ешқандай ресми жазбалар таба алмағанын жазды. Коспикуа қаласындағы жергілікті тұрғындар оны бала кезінде көрген, алайда оны "орыс баласы" деп атағанын және оның ата-анасы 1980 жылдардың соңында аралға көшіп келгенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу