Өзбекстанда экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті өтеді

439

Іс-шараға Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Түркия басшылары қатысады. 

Өзбекстанда экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммиті өтеді Фото: РИА Новости / POOL/Сергей Бобылев

8-9 қараша аралығында Ташкентте экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 16-шы саммиті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саммитте ЭЫҰ шеңберіндегі сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ осы құрылымның қызметін жетілдіру мәселелері қаралатын болады.

ЭЫҰ-өңірлік мемлекетаралық экономикалық ұйым. 1985 жылы Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері құрған. 1977 жылы 12 наурызда Иран, Пәкістан мен Түркия үш құрылтайшы елдері қол қойған Измир келісімі негізінде жұмыс істейтін аймақтық даму ынтымақтастығы ұйымының мұрагері.

1992 жылдан бастап ЭЫҰ құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу