Өзбекстанда электр қуаты мен газ тапшы

276

Көліктерге газ құятын стансалардың жұмысы да әлі жанданған жоқ.   

Өзбекстанда электр қуаты мен газ тапшы Фото: report.az

Тығырықтан шығу мақсатында көрші ел Түркіменстаннан электр энергиясын импорттауға көшті, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

 Өзбекстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, халықтың тәулігіне тұтынатын қуат көлемі 240 млн кВт сағатқа жуықтаған. Күн күрт суытып кеткендіктен, табиғи газдың қысымы айтарлықтай елді жылумен қамтуда қиындық туындады. Жағдайды реттеу үшін "Өзбекмұнайгаз" компаниясы дизель отынының бағасын 15 пайызға арзандатқан.

"Газ қысымы әдеттегіден төмен болғанымен, өткен тәулікте тұтыну көлемі 153 млн текше метрге дейін өсті. Шектеулер әлі де жалғасады. Егер алдағы күндері оң өзгеріс бола қалса, кейбір метан газ стансалары алдын ала белгіленген кестеге сәйкес жұмысын бастайды", - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы Хасан Ташхужаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу