Өзбекстанда электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі

657

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов елдегі электр қуатында ақау бар екенін айтты.  

Өзбекстанда электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі Фото: darakchi.uz

Министр қазіргі ауа райы жағдайында ауыр зардаптардың алдын алу үшін электр қуатын жоспарлы түрде өшіру қажет деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

"Біздің міндетіміз – тұрғындардың үйін газбен қамтамасыз ету, сонымен қатар табиғи газды пайдалана отырып, жылу электр станцияларында электр қуатын өндіру және электр қуатымен қамтамасыз ету. Иә, қарсы болып жатқандар бар. Жарық пен газды бәріне бірдей жетпей отыр, жиі өшіп қалып жатыр. Біз мұны мойындаймыз, ешкім жоққа шығармайды", - деп мәлімдеді Жұрабек Мирзамахмудов.

Бірер күн бұрын Ташкент әкімдігі қолда бар газ қорын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысып жатқанын, бірақ жанармай жеткіліксіз екенін хабарлады. Осы себепті қоғамдық көліктерден басқа барлық көліктерге газ құю бекеттерінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу