Өзбекстанда ер адам никаб кигені үшін қамауға алынды

244

Ұсталған кезде ол құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетуге тырысқан. 

Өзбекстанда ер адам никаб кигені үшін қамауға алынды Фото: Дзен

Өзбекстанда никаб киген азамат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Ташкент қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше бұған дейін полиция қызметкерлері Букин ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстаған.  Ол базарлардың бірінде әйелдер киімі никабпен жүрген. Ұсталған кезде ол құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетуге тырысқан.

Сот отырысы кезінде ер адам бала кезінен әйелдер киіміне қызығушылық танытып, никаб киіп жүргенін айтты.

“Сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тауып, 15 тәулік қамауға алу және 10 базалық есептік шама (шамамен 23 мың рубль) мөлшерінде айыппұл тағайындады” - делінген хабарламада.

Никаб пен паранджа секілді бет-жүзін жауып жүретін әйелдер киіміне исламды ұстанатын бірқатар елдерде заңды түрде тыйым салынған. Атап айтқанда, мұндай шектеулер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Индонезияда, Египетте және Тунисте бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу