Өзбекстанда футбол клубтары барлық салықтан босатылды

446

18 шілдеде президент Шавкат Мирзиёев футбол клубтарына салықтық жеңілдіктер беру туралы заңға қол қойды

Өзбекстанда футбол клубтары барлық салықтан босатылды Фото: daryo

Gazeta.uz. мәліметінше, Салық кодексінің 483-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес (уақытша салық жеңілдіктері) 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Өзбекстан футбол қауымдастығы, оның өңірлік бөлімшелері, Өзбекстан кәсіпқой футбол лигасы, Футбол төрешілері орталығы, Өзбекстанның кәсіпқой футбол клубтары мен академиялары салықтың барлық түрлерінен (әлеуметтік салықты қоспағанда), тартылған шетелдік футболшылар мен мамандар үшін жеке табыс салығын төлеуден босатылды.

Сондай-ақ, футбол нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін әкелінген, Өзбекстанда өндірілмейтін жабдықтар, спорттық жабдықтар мен технологияларды, құралдарды, хабар таратуға арналған барлық құрылғылар мен жабдықтарды, фармакологиялық өнімдерді, спорттық тамақтануды, футбол (футзал) алаңдарына арналған жасанды жабындарды, арнайы желімдерді және кәсіпқой спорттық құрал-жабдықтар әкелу кезінде қосымша құн салығынан босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу