Өзбекстанда хайуанаттар бағы қызметкері аю шабуылынан мерт болды

1409

Әндіжан облысында аю өзін тамақтандыруға келген зообақ қызметкерін тістеп алған. Ер адам сол жерде жан тапсырды. 

Өзбекстанда хайуанаттар бағы қызметкері аю шабуылынан мерт болды Фото: inform.kz

Әндіжан облысының Қожаабад ауданындағы хайуанаттар бағының қызметкері аюдың шабуылынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz облыстық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 қаңтар күні сағат 16.00-де болды. Хайуанаттар бағының қызметкері А. Г. аюды тамақтандыру үшін қоршауға кірді. Ақ аю оған тап беріп, мойнын тістеп алған. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде жан тапсырды.

Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

2018 жылдың желтоқсанында сол хайуанаттар бағында күзетші екі арыстанның шабуылының құрбаны болды. Ол кезде хайуанаттар бағы әлі ресми түрде ашылмаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу