Өзбекстанда "Иннопром-2023" форумы өтті

491

Ауқымды іс-шара Орталық Азиядағы сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуға арналған. 

Өзбекстанда "Иннопром-2023" форумы өтті Фото: ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Өзбекстанның астанасына іссапармен барып, "Иннопром-2023" форумына қатысты.

"Узэкспоцентр" алаңында ұйымдастырылған халықаралық өнеркәсіптік көрмеде 240-қа жуық экспонент ашылып, бұл жерге Орталық Азиядағы барлық елдің билік өкілдері, бизнес пен салалық қауымдастықтардың басшылары жиналды.

"Елдеріміз арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны жаһандық деңгейде кеңейту өсімнің белортасы мен өндірістік технологияларды, сондай-ақ инновациялық шешімдерді нығайтуға және әлемдік сұраныстағы қосылған құны жоғары тауарлар мен жаңа жұмыс орындарын құрудың тәжірибелік негізі саналады. Біз құрылыс, машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ көлік және логистика салаларында серіктестікті сенімді түрде арттырып келеміз", деді Марат Кәрімжанұлы.

Қазір Өзбекстан Республикасымен сауда-экономикалық байланысты күшейтуге байланысты қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Мәселен, еліміздің аумағында бірлескен тоқыма кластерін ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ тауар айналымын ұлғайту мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі Жол карталары бекітілді.

Көршілес мемлекетке жасаған жұмыс сапарында М.Қарабаев Өзбекстан Республикасының Көлік министрі И.Махкамов пен аталған елдің Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л.Кудратовпен кездесті. Оның барысында тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты арттырудың жолдарын талқылады. Іскерлік әңгіменің қорытындысына сәйкес бауырлас елдер арасындағы маңызды мәселелерді талқылау үшін бейресми кездесулерді өткізу тәжірибесін жалғастыру ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу