Өзбекстанда ішімдік ішкен 5 адам қайтыс болды

347

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өзбекстанда ішімдік ішкен 5 адам қайтыс болды Фото: nova24.uz

Көрші елдің Андижан облысында "Өзбекстан" коньягын ішкен 22 адам уланып қалды. Оның ішінде 5 тұрғын қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті прокуратураға сілтеме жасап.

Ішімдік бөтелкелерінің сыртында елдің акциздік маркалары болған.

Андижан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, 22-26 желтоқсан аралығында "Өзбекстан" коньягын ішкен бірнеше адам уланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер жан-жақты медициналық көмек көрсеткеніне қарамастан, 5 адам көз жұмды. 

Прокуратура бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала тергеуді облыстық прокуратура тергеушілерінің басшылығымен жедел-тергеу тобы жүргізеді. Оның құрамына ІІБ тергеу департаментінің және Бас прокуратураның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің облыстық басқармасының қызметкерлері кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу