Өзбекстанда қайыршыларға қатысты заң жобасы әзірленді

1140

Бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Өзбекстанда қайыршыларға қатысты заң жобасы әзірленді

Өзбекстан кәрілер мен мүгедек жандарды қайыр тілетіп, "заңсыз бизнес" жасаған адамдарды жазалау жолын қарастырмақ. Заң жобасы елдің құқықтық-нормативтік құжаттарды талқылау порталында жарияланған, деп хабарлайды abai.kz.

"Әуежайда, вокзалда, парктерде, базарлар мен сауда кешендерінде қайыр сұраған адамдар әкімшілік ескерту жасалып, кейін 360 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Я болмаса бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады", -  деп жазылған құжатта.

Заң жобасында кәмелеттік жасқа толмаған балаларды, кәрілерді, мүгедек жандарды қайыр сұрауға итермелегендер 480 сағат қоғамдық жұмысқа жегу не үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң жобасын 3 қыркүйекте жарияланған. Талқылау 19 қыркүйекте аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу