Өзбекстанда елдің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қарақалпақстан Республикасындағы тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша айыпталушыларға үкім шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сот өкіліне сілтеме жасап.
Тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруда басты айыпталушылардың бірі Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тәжімұратов жақтасы Лолагүл Қаллыханова 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушы тарап оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады, қамауға алу шарасын жойып, сот залында босатты.
"Сот тергеуінің қорытындысы бойынша 18 сотталушыны үш жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге, төртеуін бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды", - деп нақтылады агенттіктің сұхбаттасушысы.