Өзбекстанда қарақшылық жасағандар Қазақстаннан ұсталды

155

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзбекстанда қарақшылық жасағандар Қазақстаннан ұсталды Фото: газета.ру

Қазақстандық полицейлер Өзбекстанда қарақшылық жасаған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады.

Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Қарақшылық жасалғаннан кейін іздеу жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу