Өзбекстанда кәсікерлердің салыққа қарызы кешірілді

613

 Алайда қарызды есептен шығару үшін кәсіп иелері жұмысын қайта жандандыруға тиіс.

Өзбекстанда кәсікерлердің салыққа қарызы кешірілді

Өзбекстандық кәсіпкерлер өтелмеген салықтық берешектерінен құтылады. Бұл ел президенті Шавкат Мирзиёев жарлығының арқасында мүмкін болмақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Құжатқа сәйкес, бекітілген қарыздар мен айыппұлдар, сондай-ақ, қаржылық санкциялар және сот шығындары төлем есебінен шығарылады. Бұл бірінші кезекте "жеке кәсіпкер" мәртебесінен айырылған тұлғалар мен уақытша жұмыс істемейтін бизнес өкілдеріне қатысты болмақ. Алайда қарызды есептен шығару үшін кәсіп иелері жұмысын қайта жандандыруға тиіс. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік тіркеуден өту міндеттелген.

Еске салсақ, бұған дейін Мирзиеев шағын бизнес өкілдерін 5 жылға салықтан босату туралы шешім қабылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу