Өзбекстанда қатты аяздан газ бен жанармай құю станциялары жұмысын тоқтатты

507

Өзбекстанда республика үшін қалыптан тыс суық ауа райына байланысты газбен жанармай құю станцияларының жұмысы тоқтатылды.  

Өзбекстанда қатты аяздан газ бен жанармай құю станциялары жұмысын тоқтатты Фото: repost.uz

Бұл туралы "Ферғана" АА Өзбекстан Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомствода атап өткендей, температураның қалыптан тыс төмен болуына байланысты республикада газ құбырларындағы газ қысымының күрт төмендеуі байқалады. Осыған байланысты кейбір ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға табиғи газ жеткізу көлемін қысқарту әрі автомобиль газын толтыратын компрессорлық станциялардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

"Табиғи газды бірінші кезекте халыққа, электр өндіруші кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарына жеткізу бойынша шаралар қабылдануда", — делінген Энергетика министрлігінің ақпаратында.

Бензин мен дизельге деген сұраныстың қанағаттандыру үшін отын өнімдерінің қосымша көлемі, оның ішінде резервтерден бөлінді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ведомство ел азаматтарына қоғамдық көлікті көбірек пайдалануды, мүмкіндігінше үйде болып, электр және табиғи газды үнемді пайдалануды сұрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу