Өзбекстанда қазақстандық кәсіпкерлер 52 миллион доллардың келісімшартына қол қойды

878

Ташкентте өткен бизнес-форумда қазақстандық кәсіпкерлер 52 миллион доллар болатын 7 келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өзбекстанда қазақстандық кәсіпкерлер 52 миллион доллардың келісімшартына қол қойды

Бизнес форумда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов "Қазақстан мен Өзбекстан экономикасы Орталық Азиядағы бір-бірін үйлесімді түрде толықтыратын" атап өтті.

Оның айтуынша, биыл қос ел арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өскен. 

"2021 жылғы 5 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46%-ға, 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары", - деді Бақыт Сұлтанов.

Іс-шара барысында қос елдің бизнес өкілдері B2B кездесулер өткізіп, жалпы сомасы 52 млн доллар болатын ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойды.

"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС мен "Ташкент Шахар Хокимлиги MODDIY-TEXNIK TA'MINOT BOSHQARMASI" мемлекеттік кәсіпорны теміржол өнімдерін жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ Өзбекстанға макарон өнімдерін, алма шырынын және құрама жем жеткізуге экспорттық келісімшарт жасалды.

Фото: invest.gov.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу