Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру басталды

591

Көрші елде жалпы 19 миллион 593 мың 838 азамат дауыс беру құқығына ие, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзбекстанда кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру басталды Фото: uz.sputniknews.ru

Сондай-ақ 14 округтік сайлау комиссиясы ашылып, 10 784 сайлау учаскесі құрылған. Шетелдегі өзбектер үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылған. 

Сайлауды өткізуге 174,1 миллиард сум жұмсалған. Сайлауда төрт үміткер бар. Олар:

Экология партиясынан – Абдушүкүр Хамзаев

Халықтық-демократиялық партиясынан – Ұлықбек Иноятов

"Адолат" социал-демократиялық партиясынан – Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудова

"УзЛиДеП" партиясынан – қазіргі Президент Шавкат Мирзиёев

Сайлауда жеңіске жету үшін үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. ОСК сайлаудың алдын ала нәтижелерін 10 шілдеде жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу