Өзбекстанда көлік нөміріне адам атын жазуға рұқсат берілмек

214

Өзбекстанда 2026 жылдан бастап автокөлік иелеріне нөмірлерін жекелендіруге мүмкіндік берілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзбекстанда көлік нөміріне адам атын жазуға рұқсат берілмек Фото: chatgpt

Бұл туралы ел үкіметінің қаулысында көрсетілді, деп хабарлайды One.uz және Darakchi.uz басылымдары.

Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтар өз есімдерін немесе қысқа сөздерді мемлекеттік нөмірге жаздыра алады. Мысалы, "SARVAR", "AZIZA" немесе "BUKHARA". Арнайы нөмірді алу тек электронды аукцион арқылы жүзеге асады.

Комбинацияларда 6 таңбаға дейін әріп пен сан қолдануға болады. Дегенмен заңға қайшы, әдепсіз сөздерді қолдануға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, бұрын тіркелген нөмірлерді қайталауға болмайды.

Арнайы нөмірлерді сату құқығы "Uzavtomotobelgi" мемлекеттік кәсіпорнына берілген. Билік бұл бастама бюджетті толықтыруға және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға серпін береді деп отыр.

Айта кетейік, мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде тек "1" санынан тұратын нөмір миллиондаған долларға сатылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу