Өзбекстанда көліктерге газ құю станциялары тұрақты жұмыс режиміне көшті

497

Бұл туралы елдің энергетика министрлігі хабарлады.  

Өзбекстанда көліктерге газ құю станциялары тұрақты жұмыс режиміне көшті Фото: autostrada.uz

Табиғи газдың қысымы қалыпты деңгейге оралып, нысандардың жұмысы толық жандана бастады, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Еске салайық, ақпан айының ортасында қатты дауылдан электр желілері зақымдалып, "Газли" газ өңдеу зауытына қарасты станцияда онға тарта қондырғы істен шыққан еді. Салдарынан көгілдір отынның қысымы төмендеп, көліктерге газ құю стансалары жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Ел билігі мұның себебін тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелерді табиғи газбен қамтуға басымдық берілуімен түсіндірген болатын. 20 күндей үзілістен соң бекеттердің жұмысы қалпына келтірілді.

"Газ құю бекеттеріне тәулігіне 150 млн текше метрге дейін газ жеткізіліп жатыр. Бұл алдыңғы күндерге қарағанда 12 пайызға артық. Жалпы республика бойынша газ қысымының қалыпты режимі байқалады. Көліктерге газ толтыратын барлық стансалар жұмыс істеуге көшті" - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі ақпарат қызметінің басшысы Хасан Ташхужаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу