Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

849

Қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеу алынып тасталды.

Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетіліп концерттік бағдарламалар мен кафе, ресторандардағы түнгі қызмет үшін рұқсат берілді, деп хабарлайды uza.uz.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2021 жылдың 28 қаңтарынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, концерттік іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат берілді.

▪️Концерттік залдардағы көрермен сыйымдылығын ескере отырып, олардың санын 50% -дан аспайтындай жағдайда ұйымдастыру;

▪️Қашықтықты сақтай отырып, көрермендер отыратын концерт залдарын пайдалануды қамтамасыз ету және арақашықтықты сақтау үшін қажетті орындарды белгілеу;

▪️Концерт залдарына келген көрермендер мен қызмет көрсетушілер міндетті түрде маска тағуы керек.

Сонымен қатар, осы шешімге байланысты Республикалық арнайы комиссия 8:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт аралығында қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауықтыру мекемелерінің жұмысына шектеуді алып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу