Өзбекстанда көне алтын тиынды 100 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды

Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасы жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті хабарлайды. 

Өзбекстанда көне алтын тиынды 100 мың долларға сатпақ болғандар ұсталды Фото: Өзбекстан Бас прокуратурасы

XIX ғасырдың аяғында қалыптасқан алтын тиындармен сауда жасайтын адамдар ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты upl.uz порталына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Бас прокуратура жанындағы Департаменттің Сұрхандария облыстық басқармасының қызметкерлері арнайы жедел іс-шара өткізді. Іс-шара барысында, олар жалпы салмағы 61,69 грамм болатын "Петр Богданов 1899" деген жазуы бар ескі алтын тиынды 100 мың АҚШ долларына сатуға тырысқан екі азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша, Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 177-бабы (валюта құндылықтарын заңсыз иемдену немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу