Енді бетін тұмшалап жүргендер жазаға тартылады

Көрші елде ресми рәсімсіз "неке" қиғандарға да жауапкершілік көзделіпті.

Енді бетін тұмшалап жүргендер жазаға тартылады Фото: faith-matters.org

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттің зайырлылығын бекітетін Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты көршілес елдің Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, заңнамаға енгізілген түзетулер көп әйел алуды насихаттағандарға жазаға тартылады.

Сондай-ақ АХАЖ органдарында ресми рәсімсіз "неке" қиғанды, жыныстық кемсітушілікке жол беріп, қоғамдық орындарда адамды тануға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін тұмшалап алғаны үшін жаза көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу