Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2568-ге жетті

565

8 мамырдан бері ел аумағы вирустың таралуына байланысты үш аймаққа бөлінді.

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2568-ге жетті

Өзбекстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 21-ге артып, 2568 болды. Бұл туралы елдегі Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Көрші мемлекетте жұқтыру фактісі алғаш рет 15 наурызда тіркелген еді. Вирусты Франциядан келген өзбекстандық азаматша елге әкелген болатын. Осы күнге дейін он науқас қаза тауып, 2010 кісі аурудан айықты.

1 сәуірде жергілікті билік Ташкент пен бірқатар өңірде оқшаулану режимін енгізіп, жасы 65-тен асқандарға үйден шығуға тыйым салды. Ал 30 сәуірден бастап карантин шаралары біртіндеп қысқартыла бастады. Адамдарға үйдің айналасында серуендеуге, көкөніс тасымалдауға рұқсат етіліп, көлікті қолдануға салынған шектеулердің күші жойылды және азық-түліктік емес дүкендер, көлік сервисі мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы жұмысқа кірісті. 

8 мамырдан бері ел аумағы вирустың таралуына байланысты үш аймаққа бөлінді: қызылы – ең қауіпті аймақ, сарысы мен жасылы – індет жетпеген аймақ. 11 мамырда мұндай жіктеулер қалалар мен аудандарда енгізілді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу