Өзбекстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 8-ге жетті

704

Науқастардың жалпы саны 1700-ден асқан.

Өзбекстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 8-ге жетті

Көршілес елде Covid-19 жұқтырған тағы бір науқас көз жұмып, марқұмдардың жалпы саны 8 болды. Бұл туралы Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, елдегі аурулардың саны 1700-ден асып, 600-ге жуығы жазылды. Қайтыс болған соңғы науқас - Ташкент облысының тұрғыны, әйел адам. 19 сәуір күні оның денсаулығы күрт нашарлап,инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Сол кезде оның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Марқұмның өкпесінің созылмалы ауруы, гипертензиясы және жедел респираторлы дистресс синдромы болғаны тіркелді. Дәрігерлер науқас ауруханаға жатқызылған күні оны жасанды желдету аппаратына қосқан. Бірақ одан еш нәтиже шықпай, әйел адам жан тапсырған. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялады. Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, осы күнге дейін әлемде вирус жұқтырғандардың саны 2,7 миллионнан, ал қаза тапқандардыкі 170 мыңнан асқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу