Өзбекстанда "квадроберлерге" қарсы заң қабылданды

302

"Квадробинг" субмәдениетін ұстанатын балалардың ата-аналарына айыппұл салынатын болады.  

Өзбекстанда "квадроберлерге" қарсы заң қабылданды Фото: Uz24.uz

Бұл туралы Өзбекстанның Ішкі істер министрлігінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ведомство хабарлағандай, Ташкентте осы субмәдениеттің ізбасарлары пайда болды,  тіпті осы негізде құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Атап айтқанда, 11 қазанда өзін ит ретінде көрсеткен "квадробер" қасындағы балаға шабуыл жасап, қатты қорқытқан.

"Бұл жағдайлар қоғамдық орындардағы тәртіпке қайшы, сондықтан мұндайға мүлдем жол берілмейді. Мамандардың пікірінше, "квадробика" баланың жануарлардың агрессивті әрекеттерін қайталап, өзіне және айналасындағыларға зақым келтіруі мүмкін. Бұл субмәдениет баланың әлі толық қалыптаспаған психикасының бұзылуына әрі қоғамнан оқшаулануына себеп болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Ведомство қажет болған жағдайда "квадробиканың" баланың психикалық және эмоционалдық жағдайына қандай әсер ететінін анықтау үшін арнайы психологиялық тексерістер жүргізілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу