Өзбекстанда қызылша дерті дендеп барады

382

Науқастардың басым бөлігі - балалар.  

Өзбекстанда қызылша дерті дендеп барады Фото: gazeta.uz

Өзбекстанның шығысындағы Наманган облысында қызылша дендеп барады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Осы орайда бұл облыста қызылшаға күдікті науқастарды стационарлық жағдайда емдеу үшін 340 орын құрылды. Оның 255-інде науқастар ем қабылдап жатыр. Олардың 87%-ы – балалар.

Денсаулық сақтау басқармасы диагностикалық құралдардың, реагенттер мен вакциналардың жеткілікті екенін мәлім етті.

Шілде айында Өзбекстанда қызылшаның 164 жағдайы тіркелді. Олардың басым бөлігі шетелдегі науқастармен байланыста болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу