Zamon телеарнасы хабарлағандай, Гиждувон қаласының 34 жастағы тұрғыны үйіне ішімдік әкеліп, іше бастаған.
Сол кезде анасы ұлының әрекеті дұрыс еместігіне шағымданған. Ашуланған ұлы қоймадан темір балтасын алып келіп, анасын соққылай жөнелген. Салдарынан анасы сол жерде тіл тартпай кеткен.
Сот барысында сотталушы өлтіру ниеті болмағанын және сол күні ішімдікті шамадан тыс ішкендіктен оқиғаның қалай болғаны есінде жоғын айтқан.
Алайда Сот мұны жауапкершіліктен жалтару әрекеті деп санады.
Күдікті Сот шешімімен 18 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу