Өзбекстанда мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынды

244

Мектеппен қоштасу шараларын таңғы 8-ден 9-ға дейін өткізу ұсынылады.  

Өзбекстанда мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынды Фото: Gazeta.uz

Өзбекстанда мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігі мейрамханаларда, кафелерде және пәтерлерде бітіру кештерін өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі 2023-2024 оқу жылының аяқталуы мен жалпы білім беру мекемелерінде "соңғы қоңырау" іс-шараларын өткізу бойынша тиісті ұсыныстарды жариялады.

Мектеппен қоштасу шараларын таңғы 8-ден 9-ға дейін өткізу ұсынылады. Оқушылардың санына байланысты оларға 1, 4, 9 және 11 сынып оқушыларын қатыстыруға, аудандық белсенділерді, ата-аналарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақыруға болады. Іс-шара кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Сонымен қатар, құрметті мұғалімдерді, бұрынғы түлектерді шақыру, биылғы жылдың ең табысты түлектерін, сондай-ақ мектеп өміріне белсенді қатысатын ата-аналарды марапаттауға рұқсат етіледі.

  • Алайда оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарынан ақша жинау;
  • оқушылардан қымбат сыйлықтар алу не ақша жинау, соңғы қоңырау кештеріне қымбат киім сатып алу, автокөлікпен сапарлар ұйымдастыру;
  • түлектердің даңғылдар мен саябақтарда топтық серуендеуі, бассейндерге баруына тыйым салынады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу