Өзбекстанда министр кәмелетке толмаған қызын күйеуге берген

344

Өзбекстанда ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 жас болып бекітілген.

Өзбекстанда министр кәмелетке толмаған қызын күйеуге берген Фото: Ашық дереккөз

Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков кәмелетке толмаған қызын әнші Йоркинхужа Умаровқа тұрмысқа берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Press.kz порталына сілтеме жасап.

Артистің анасы Зохида Умарова жақында берген сұхбаттарының бірінде үйлену тойы кезінде қалыңдық 17 жаста, ұлы 31 жаста болғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда ерлер мен әйелдер үшін неке жасы 18 жас болып бекітілген. Дәлелді себептер болған жағдайда, ерекше жағдайларда (жүктілік, баланың тууы, кәмелетке толмағанды ​​әрекетке қабілетті деп тану – эмансипация) неке жасын төмендетуге болады, бірақ бір жылдан аспау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу